«Тоттенхэм» жұлдызы исламды қабылдауының 13 себебін атады

«Тоттенхэм» жұлдызы исламды қабылдауының 13 себебін атады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыбританияның «Тоттенхэм» футбол клубының беделді ойыншысы Эммануэль Адебайор өзінің Ислам дінін қабылдауының себебін түсіндіріп берді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен айда 31 жастағы ағылшын клубының жарқын шабуылшысы Э.Адебайордың ислам дінін қабылдаған сәті бейнежазбаға түсіп, YouTube порталы арқылы кең таралып кеткен еді.

«Иса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) бір ғана Құдай барын жеткізді және Оған ғана құлшылық ету керектігі христиан кітаптарында айтылған еді (Евангелия шумақтарын тізбектеп шықты). Мұсылмандар да дәл осылай, тек Құран аяттарында айтылғандай бір Аллаға ғана құлшылық етеді» дейді Эммануэль.

Футболист Исламға келуінің 13 себебін атады. Осының ішінде ол әсіресе доңыз етін Иса пайғамбар еш уақытта пайдалануға шақырмаса да, қазіргі заманның христиандарының оны жейтінін атап өтті. Ал мұсылман жұртшылығы қай уақытта да бұл нәрседен тыйылған дейді ол.

Э.Адебайордың айтуынша, ол Ислам дінінен Иса пайғамбардың өмір сүру үлгісін көрген. Ол Иса пайғамбарды Исламға дейін де құрмет тұтып, сүйген екен. Осылайша шынайы пайғамбарлар насихат еткен өмірдің шын бағасын Ислам дінінен көргеннен соң, тілін кәлимаға келтіріп, құбылыға тізе бүгіп, мұсылман болуға шешім қабылдайды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: