«Әйелдер мешіті» қызу пікірталасқа айналды

«Әйелдер мешіті» қызу пікірталасқа айналды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Британияда алдағы уақытта ашылуы тиіс, тек ақ жаулықтылар ғана бас сұға алатын бірыңғай «әйелдер мешітіне» қатысты қызу пікірталасқа түсті. Дәлірегі, бұл бастаманы қолдайтындар мен наразылық білдіргендер арасында талас-тартыс өршіп тұр. IslamNews порталының The Telegraph & Argus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, Брэдфорд қаласындағы мұсылман әйелдер кеңесінің  директоры әрі осы жобаның бастамашысы Бана Гора аталыш мәселеге байланысты қоғамның пікірін білу мақсатында арнайы жиын өткізді. Бұл жиынға имамдар, саясаткерлер, түрлі ұйым өкілдері қатысты. Осы жиынға шақырылғанымен келе алмаса да, пікірін мерзімді басылым арқылы білдірген Брэдфордтан сайланған парламент депутаты Наз Шах бұл идеяны қолдамайтынын, құлшылық үйін адамдардың жыныстық белгісіне қарап ашуға болмайтынын жеткізіпті. Оның айтуынша, ер мұсылмандар ен әйел мұсылмандар біріккенде ғана олар қоғамға пайдасын тигізе алады. Бұл жиынға қатысқандар «әйелдер мешітіне» қатысты ортақ тоқтамға келе алмай тарқасты. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: