Мысыр бүгінгі таңда терроризмге қарсы күресте араб елдерінің ішінде айрықша табандылық көрсетіп келеді, дейді Мысыр сыртқы істер министрі Самих Шукри. Ол бұл пікірін АҚШ-тың сыртқы істер министрі Джон Кэрримен өткен кездесуде мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта әлемді үрейлендірген терроризм толқынын тоқтату үшін сыртқы дипломатиялық қарым-қатынастарды күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты Мысыр бүгінде терроризмнің алдын алу жұмыстары бойынша алда келеді. Сондықтан біз екі ел арасындағы қатынасты күшейтіп, терроризм қауіпін бірлесіп тоқтататын боламыз» деді Джон Кэрри.
«Мысыр мен АҚШ арасындағы стратегиялық үнқатысу Ливия, Сирия, Ирак, Йемен және Палестина жерлеріндегі мәселелердің бірқатарын шешуге көмектеседі» деді Самих Шукри.