Хонг Леонг Малайзия ислам банкі Азиядағы ислам қаржыландыру саласын дамыту бойынша ерекше марапатқа ие болды.
Малайзия банкі банк ісіндегі сандық технологияларды қолданудағы тың жетістіктерін үшін 'The Asset Triple A Islamic Finance Awards 2015’ марапатын алды.
Аталмыш банк соңғы уақыттары қаржы қызметі саласында сандық технологияларды қолданысқа ендіруде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы марапат банк операциясындағы тың технологияны кешенді қолданысқа енгізгені үшін беріліп отыр.
Малайзия банкі енгізген жаңа инновациялық шешімдердің бірі Express Remit жүйесі болып табылады. Бұл жүйеде Малайзиядан Индонезияға ақша аудару операциялары жеңілдетілген. Тұңғыш рет елде терминалдар арқылы ақша аударуға мүмкіндіктер берілген.