Ең кішкентай Құран

Ең кішкентай Құран

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран кітабына деген құрмет пен сый жыл өткен сайын күшейіп, жыл өткен сайын дүниенің төрт бұрышын мекендеген жұрттың ыстық ықыласы артып келеді. Тіпті Құранға деген құштарлық әлемдегі небір шеберлердің шабытына шабыт қосып, қасиетті кітапты жер шары тұрғындарына мүлде жаңа қырынан таныстыруға деген талпыныстары тірі пенденің барлығын қызықтырып жатыр.
Сондай дүниенің бірі - ең кішкентай Құран туралы ақпарат әлемді шарлап кетті. Әсіресе, оның сапфир тасына жазылып, өзге де құнды тастармен әшекейленуі барлық діндегі халықтардың назарын аударды.
Көлемі 58х98 мм алтын және платинамен қапталған Құран кітапшаға барлық сүре сыйдырылған. Әзірге оның 20 данасы ғана шығарылыпты. Әрқайсысының құны 4 167 долларды құрайтын Құранды қазірдің өзінде сатып алуға ықылас білдіргендер өте көп көрінеді. «Mіr Enterprіses Мир» компаниясының басшысы Мокаридің сөзіне қарағанда, өте құнды дүние бұдан әрі көп шығарылмайды. Кітапшада неке сақиналары бейнеленгендіктен, «Құран қандай жағдайда да қасымда болсын» деген адал ниетті адамдар үшін ғана тапсырыспен жасалып берілмекші.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ
Айқын газетi

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: