Малайзия тарихи пәтуа шығарды

Малайзия тарихи пәтуа шығарды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзия дін істері органы елдің зайырлы қоғамы үшін тарихи пәтуа шығарды. Ел тарихында тұңғыш рет ажырасқан ерлі-зайыптылардың балаға қамқорлық құқын алу үшін мұсылман болуы шарт емес деген ұйғарым жасалды.

«Баланың жақсы өмір сүруі оның физикалық, моральдық, көңіл-күй сезімін, қажеттіліктерін қамтиды. Осы талаптарды орындай алатын ата-ана діни сенім ұстанымына қарамастан қамқорлық құқына ие болуы керек» деп мәлімдеді Перлис штаты мүфтиі Асри Зайнул Абидин.

Перлис мүфтияты қамқорлыққа беру мәселесінде ата-анасының сеніміне шек қоюды алып тастайды. Айта кетейік, бұл пәтуа Малайзиядағы жүздеген балалардың өміріне өзгеріс әкелмек. Себебі, осы күнге дейін заң жүзінде ажырасқан ерлі-зайыптылар баланы қамқорлыққа алу құқығына қол жеткізу үшін «формальды» түрде Ислам дінін қабылдаймыз деп құжат толтыруға мәжбүр болған. 

ummet.kz-ақпарат 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: