СПИД ислам елдерінде жоқ

СПИД ислам елдерінде жоқ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Африка картасын зерттеген канадалық ғалым мынандай қорытындыға келді. Ол картаның ислам кең таралаған жағы мен СПИД кең етек алған қарсы бөлігін салыстыра зерттеген. Нәтижесінде, ислам бар жерде СПИД жоқ, керісінше, СПИД таралған аймақта ислам жоқ деген ой қорытты.

Бірінші картада аурудың таралуы бейнеленген. Мұндағы қарамен белгіленген учаскелер СПИДтің кең таралған, ал ақшыл түстес бояумен ерекшеленгені – ауру жоқ аймақтар болып көрсетілген. Екінші қартада (оң жақта) континенттегі мұсылман жұртының жайғасуы көрініс тапқан. Картаның қою-жасыл түспен белгіленген тұстары қалың мұсылман қоныстанған аймақтарды көрсетеді. Екі картаны бір-бірімен салыстыра отырып зерттеуші ғалым ислам СПИДті алдын алудың тамаша амалы деген тұжырымға келді.

Карталы сурет тез арада интернет желілерінде тарап, көкшіліктің жылы пікіріне ие болды. Олардың арасында «неке СПИД секілді аурудың шешімі бола алады», «Құран қағидаттарын берік сақтайтын болсақ, СПИДпен еш алыспас едік» және т.б. пікірлер.

СПИД Жер бетінің басқа бөліктеріне қарағанда Оңтүстік Африкада ерекше таралған. Африканың солтүстік бөлігінің басым жұрты – мұсылман. Мысыр, Мали және Гвинея халқының 84%-ы мұсылман болып табылады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: