Канаданың Миссиссога қаласында ертең Солтүстік Америкасында мұсылман фестивалі өтеді.
«MuslimFest Миссиссоги орталық алаңына осымен 14-ші жыл қатарынан 25 000 адамды жинайды. Дәстүрлі және заманауи діни пайым-түсінікке сәйкес өнердің мән-маңызы фестиваль аясында көрсетіледі» деп хабарлады MuslimFest қоғаммен байланыс директоры Сана Хаваджа.
MuslimFest шарасына Канаданың және өзге де елдердің фильм авторлары, өнер майталмандары қатысып, арнайы семинар-тренингтер өткізеді. Мұсылман фестивалінің ауқымды бағдарламасы жексенбінің кешіне дейін жалғасын таппақ.
«MuslimFest бейресми түрде 31 шілде күні басталады. Ол күні Канадада тұңғыш рет «Америкалық шариғат» фильмінің тұсаукесері көрсетіледі» деп атап өтті Хаваджа.
Айта кету керек, Канада төрінде өтетін фестивальға қазірдің өзінде елдің белгілі саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері тарапынан жағымды пікірлер айтылды.
E-ISLAM