Африка құрлығының картасын зерттей келе канадалық ғалым осындай өте қызықты қорытындыға келіпті.
Ол Африка құрлығы картасындағы Исламның тараған өңірлері мен СПИД-тің тараған өңірлерін салыстыра отырып, Ислам тараған өңірлерде СПИД-тің қатты таралмағандығын байқапты.
Бірінші картада ғасыр дерті – СПИД-тің таралу аймақтары бейнеленген. Қою түстер аурудың кең таралған аумақтарын көрсетсе, ашық түстер аурудың таралмаған аумақтарын бейнелейді.
Екінші карта мұсылман тұрғындарының таралу аймақтарын бейнелейді. Мұндағы қою-жасыл түс мұсылмандардың көп шоғырланған аймақтарын көрсетеді.
Екі картаны салыстыра келе: «Ислам СПИД-ке қарсы ең керемет профилактика» деп түйіпті ғалым.