Мешіттер күн энергиясымен жұмыс істейтін болды

Мешіттер күн энергиясымен жұмыс істейтін болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемде мұнай мен газ бағасы құбылып тұрған қазіргі уақытта Иордания корольдігі балама энергия көздерін пайдалану жолдарына білек сыбана кірісті.
Коммуналдық қажеттіліктер үшін Күн энергиясын өндіру жөнінен араб әлемі көшбасшыларының бірі болып отырған корольдік жуық арада Иорданияның барлық мешіті Күн энергиясымен жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Елдегі Балама энергия департаментінің өкілі Ахмет Әбу Сааның сөзінше, осы жылы барлық мешіттерді энегрияны генерациялау үшін фотоэлектрлік гелиожүйелермен жабдықтау жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, Уақып және Ислам істері министрлігімен ынтымақтаса іске асырылатын жоба барысында елдегі 6 мыңдай мешіттің шатырына күн панельдері орнатылады.
Иорданияда жылына 150-дей мешіт ашылады екен. Оларға да бірден Күн панельдерін орнату көзделуде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: