АҚШ-тың Айова және Иллинойс штаттарындағы үлкен 4 қаланы қамтитын мұсылмандарға қарасты «Мұсылмандар діни басқармасын – МДБ» тұңғыш рет Лиза Киллинджер есімді әйел басқармақ. Бұған дейін Лиза жергілікті ең үлкен мұсылмандардың құқын қорғау ұйымдарына жетекшілік етіп келеді.
Лиза – жас кезінде өз еркімен Ислам дінін қабылдаған христиан әйелдерінің бірі. Ол өзі жайлы: «Бірде мен мұсылман ортада отырып, бір асханада тамақтанып қалдым. Сонда әлгі мұсылмандар менің Құдайға сенуге байланысты бірнеше сұрақтар қойды. Әңгіме барысында олар маған ислам дінін түсіндірді. Мен сол күннен кейін исламды терең зерттей бастадым. Осылайша, 1979 жылы мұсылмандықты қабылдадым» дейді ол.
E-ISLAM