Сиэтл тұрғындарына ислам ипотекасы ұсынылады

Сиэтл тұрғындарына ислам ипотекасы ұсынылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Вашингтон штаты Сиэтл қаласының мэрі ислам дінін ұстанушы халыққа арнайы ислами ипотека жүйесін енгізу мәселесі қаралып отырғанын хабарлады.

Қалыптасқан кредиттік ипотека бойынша діни сеніміне байланысты үй ала алмай келе жатқан мұсылман жұртшылығының тиімді тұрғын үйге қол жеткізуін ойға алған қала әкімі Эд Мюррей Ислам тұрғын үй қаржыландыру бағдарламасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Осы мақсатта Сиэтл мэрі тұрғын үй саласындағы коммерциялық ұйымдарды, қаржы компанияларын, мұсылман дін қызметкерлері мен кәсіпкерлерді шақырып, мәселені тиімді шешу тетіктерін талқыламақ ниетте.

Айта кетейік, бүгінде Сиэтлда баспанаға зәру 200-ден аса мұсылман отбасы тіркелген. 

E-ISLAM

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: