Бас мүфти: дін қызметкері белсенді болуы керек! (ФОТО)

Бас мүфти: дін қызметкері белсенді болуы керек! (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетін бітіруші түлектерімен кездесу кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осылай деді.

«Ислам дінінің жауапкершілігін арқалаған дін қызметкерлері халық арасында имандылықты насихаттап, қоғамдағы тұрақтылық пен рухани тұтастыққа қызмет еткен. Бұл сабақтастық ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы жалғасып келген. Ал, қазіргі уақытта имам болудың жауапкершілігі, тіпті, үлкен. Өйткені, жаңа ақпараттық кеңістік қоғамға түрлі діни мағлұмат алу мүмкіндік берді. Оның ішінде дұрысы да, бұрысы да бар. Сондықтан, дінді дұрыс насихаттап, нақты түсінік қалыптастыру жолында дін қызметкері сергек әрі белсенді болуы керек», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. Бас мүфтимен өткен кездесу сауатты дін қызметкерлеріне артылар үміт те, міндет те мол екендігін тағы да нақтылай түсті.

Сонымен қатар, кездесуге ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, университет проректоры Шамшәдин Керім, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Биыл «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетін «Исламтану» мамандығы бойынша 130 студент тәмамдайды.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: