Бас мүфти «Асыл арна» телеарнасына сұхбат берді

Бас мүфти «Асыл арна» телеарнасына сұхбат берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері жөніндегі комитеті, ҚМДБ делегациясы және «Асыл арна» телеарнасының түсіру тобы шетелде дін білімін алып жатқан студенттермен жүздесіп қайтты.

Мысыр Араб республикасы, Сауд Араб королдігі және Түркия республикасында тұңғыш рет өткен кездесулердің мақсаты жастардың тыныс-тіршілігімен танысу еді.

Осы шараға орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы сапарды қорытындылап, «Асыл арна» телеарнасына сұхбат берді. Бас мүфти аталған жобаның жемісті аяқталғанына тоқталып, мұндай жұмыстың келешекте дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын жеткізді. Және алдағы уақытта шетел жастарын сапалы оқулықтармен қамту, оларға қаржылай көмек көрсету, арнайы сайт ашу және қажылыққа жіберу мәселесі оңтайлы шешім табатынын жеткізді. 

Сауапты сапардан дайындалған арнайы хабар жақында «Жемісті сапар» деген атпен арнамыздан жарық көреді.

asylarna.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: