Әлемдегі ең ақылды бала Нобель сыйлығына үміткер

Әлемдегі ең ақылды бала Нобель сыйлығына үміткер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Танишк Абрахам есімді 11 жасар индус бала әлемдегі ең ақылды бала саналады. Ол 7 жасында жоғары оқу орнына түсіп, 4 жыл ішінде математика, физика және шет тілі мамандығын игеріп шыққан, деп жазады e-islam.kz.

Халықаралық Менса ассамблеясы Танишкті 4 жас кезінде-ақ, өз қатарына қосып үлгерген. Аталмыш Ассамблея ақылы, қарым-қабілеті жоғары дамыған азаматтарды тіркеумен айналысып, бүгінде 80 елде өз жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, бүгінде Ассамблеяда әлемнің әр түкпірінен жиналған 100 мыңнан астам азамат тіркеліп үлгерген.

Қазіргі таңда Танишк физика ғылымы бойынша АҚШ үкіметіне қатысты НАСА агенттігіне (Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармаға) үлкен ғылыми жоба дайындап жатыр. Алдағы уақытта Нобель сыйлығына қол жеткізу үшін біршама басқа да ғылыми жұмыстармен айналысып жатқанын айтып кетті.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: