Қажылық істері бойынша саудиялық министрлік 2015 жылы қажылық жасайтын барлық мұсылмандарға өздері туралы негізгі ақпараттар қондырылған электронды білезік тағуды міндеттегелі отыр, деп жазады "Асыл арна" телеарнасы.
Министрлік бұл жобаның әлеуметтік ықтималдылығын, әсерін, пайдасы мен зиянын зерттеу жұмыстарын аяқтады. Енді тиісті мекемелер жүзеге асыру шараларына кіріспек.
Мәліметтерге сенсек, электронды білезік су өткізбейтін болады және ондағы штрих-код қажы туралы ақпараттарды сақтайды. Қажының сол жердегі мекенжайын, медициналық мәліметтерді көруге болады. Қысқасы, штрих-кодты бір ғана сканерлеу арқылы әрбір қажы туралы толық ақпараттар көрсетіледі.
Бұл тек жергілікті билік өкілдеріне ғана пайдалы емес, әрбір мұсылманға оң жағынан қызмет етеді. Оларға GPS жүйесі орнатылады және намаздың уақыттары, намаз оқу бағыттары хабарланып тұрады.
hibatulla.kz