Адамның миы 43 жастан бастап қартаяды. Кезекті зерттеуінің барысында ғалымдар осындай тоқтамға келді. Адамның ойлау қабілеті қарт кезінде емес, дәл осы шақта төмендей бастайтынын анықталды.
Тәжірибені өткізу үшін 40-70 жас аралығындағы 7 мың ерікті азамат шақырылды. Олар сауалнама парағының сұрақтарына жауап беріп, бас миының зерттеуінен өткен. Оның қорытындысында адамның ақыл-ой қабілеті 43 жаста төмендей бастайтыны анықталған. 45 жасқа келген қатысушылардың 60 пайызы ақпаратты жарым-жартылай ұмыта бастаса, 50 жастағылар үшін өздері сөйлескен адаммен әңгіменің мәнін ұғыну қиын болды. Бұл ретте ер адамдар әйелдерден гөрі бас миының белсенділігін тезірек әрі ертерек жоғалтады екен, деп хабарлайды Svopi порталынан.
Мамандар мұны әйелдердің жауапкершілігінің жоғарылығымен, ми жұмысының белсенділігін төмендетуге жол бермейтін қызметінің көп болуымен байланысты екендігімен түсіндірді.
hibatulla.kz