БАӘ-де «ақылды үкімет» қызметі қолданысқа енгізілмек

БАӘ-де «ақылды үкімет» қызметі қолданысқа енгізілмек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ-де жуырда «ақылды үкімет» қызметі қолданысқа енгізілмек. Халық қосымшаны ұялы телефон арқылы пайдаланып, тәулік бойы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізеді.

Дубайда өткен басқосу барысында электронды үкімет қызметін енді енгізген және бүгінде игілігін көріпүлгерген елдердің тәжірибелері тыңдалды. Үздік мемлекеттердің қатарында біздің еліміз де бар.

Жыл сайын электронды үкімет тұжырымдамасын енгізген елдер қатары артып барады. Енді олар ақылды үкімет жүйесіне көшпек.  Оның арқасында кез келген қызметті ұялы телефон арқылы  жүзеге асыруға болады. Осы мақсатты барынша тиімді орындау тәсілдері Дубайда өткен конференция барысында талқыланды.

Саиф Әл Хаттави, Solid Reason компаниясының атқарушы директоры:

- Ақылды үкімет тұжырымдамасы үкіметтің ашық болуын көздейді. Халық үшін бүкіл ақапарат қол жетімді болуы тиіс. Инновациялардың енгізілгенде осы саладағы көшбасшы маңызды рөлге ие. Ол бірінші ретте ашық, өзгерістерге икемді болса, қалған елдер де бұл жүйені игеріп алады. БАӘ Парсы шығанағындағы электронды үкіметті дамыту саласында беделі жоғары мемлекет екендігі сөзсіз. Бұл портал Дубайда 2000 жылы ашылды. Ал биыл премьер-министрдің тапсырмасы бойынша «ақылды үкімет» құрылмақ. Адамдар осы қосымшаны ұялы телефондар арқылы пайдалана отырып, тәулік бойы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізеді. Парсы шығанағында бұл жаңашылдық тек БАӘ мен Бахрейн елдерінде енгізілген. Сауд Арабиясы, Оман, Кувейт және Катар әлі электронды үкіметті қолданумен шектеліп отыр.

Джи-ХеонКвон,Global e-Policy & e-Government Istitute деканы: - Инновациялар жылдамдығы, ойлау жылдамдығы бұл – әр үкімет пен әр ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің белгісі. Бұрын бүкіл әлемде басымдық өнеркәсіптік өндіріске берілсе, қазір «ақылды технологиялардың» заманы екендігі сөзсіз. Адам капиталы мен инновацияларды дамытуға бағыт алу керек. БАӘ мен Бахрейннің мемлекеттік қызмет көрсету деңгейі біздікінен төмен болып шықты.

Өткен жылы БҰҰ-ның электронды үкіметтің даму рейтінгінде Қазақстан 28, ал БАӘ 32-орынға жайғасты.

24.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: