Эквадор тұрғындарының бұл игі әрекеті Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп жазады 24.kz.
Әлемдік деңгейдегі рекордты орнатуға 13 миллион тұрған қатысқан екен. Siembratón деп аталған бұл шараны халық Эквадор жеріндегі ормандардың жаппай шабылуына қарсы қадам ретінде өткізді, деп жазады gismeteo.ru.
Ал осыған дейін де табиғатты сүйгіш эквадорлықтар экологиялық рекорд орнатқан еді. Олар бірігіп, ел аумағынан қолданыста болған 1,5 миллион пластик бөтелкесін жинап, өткізді. Бұл шарадан түскен 31 мың доллардың басым бөлігі Амазон өзеніндегі алуан тіршілік иелерін сақтау жолында жұмсалды.
hibatulla.kz