«Ислам мемлекеті» содырлары ЮНЕСКО қорғауындағы тарихи ауданға басып кірді

«Ислам мемлекеті» содырлары ЮНЕСКО қорғауындағы тарихи ауданға басып кірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам мемлекеті» радикалдық қозғалысының содырлары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы нысандарының тізіміне кіретін Сириядағы Пальмира көне қаласы аумағының үштен бір бөлігін басып алды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

Мониторинг тобының айтуынша, содырлар қиян-кескі ұрыстардан кейін көне қаланың бірнеше ауданынан билік әскерін ығыстырған. Олар енді Пальмираға жақын орналасқан табиғи газ кен орнын басып алмақ.

Бұған дейін тарихи мұраны қорғаушылар содырлар тарихи мұраға зиян келтіретінін айтып, қауіпті білдірген.

Содырлар Пальмираға мамырдың ортасында шабуыл жасай бастаған, алайда ол кезде үкімет жауынгерлері оларға қарсы күш танытқан.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: