Дубайда 49 жастағы қазақстандық қыздың иығынан түрткені үшін сотталды

Дубайда 49 жастағы қазақстандық қыздың иығынан түрткені үшін сотталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубайда сот үкімімен қыздың иығынан түрткен қазақстандық турист үш айға абақтыға қамалып, айыппұл салынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Дубай соты әйел полицейді иығынан түртіп, одан «Dubai Mall» сауда орталығына қалай баруды сұрамақ болған 49 жастағы қазақстандықты үш ай мерзімге абақтыға қамау туралы үкім шығарды. Сондай-ақ қазақстандық туристке 2000 дирхам айыппұл салынды. Сот ер адамның әрекетін полиция офицеріне шабуыл деп қарастырған. 

Ер адам жаза мерзімі аяқталғаннан кейін өз еліне орала алады. 

Естеріңізге салып өтсек, Дубай прокуратурасы өткен жылдың 2 желтоқсанында Қазақстаннан Араб Әмірлігіне қыдырып барған 49 жастағы туристі әйел-полицейге тиісіп, екі тәртіп сақшысына шабуыл жасады деп айыптаған болатын. 

hibatulla.kz 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: