Сауд Арабиясының бос орындар порталында сегіз бірдей баскесер "лауазымына" байқау жарияланды. Енді оған іріктеу жүргізіледі деп хабарлайды Reuters. Елде баскесердің жұмысы мемлекеттік азаматтық қызмет болып есептелетінін айта кету керек.
Үміткерлерден ешқандай біліктілік, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді, тек қолынан жазаны жүзеге асыру келсе болғаны. Яғни, қылмыскердің басын немесе өзге де дене мүшелерін шабуы керек. Оларға бәрақ, мемлекеттік қызметкер алатын ең төменгі айлық-жалақы тағайындалады.
Айта кетейік, Amnesty International ұйымының мәліметінше, Сауд Арабиясы 2014 жылы өлім жазасын жүзеге асыру бойынша әлемде үшінші орын алды. Бірінші орын - Қытайға, екінші орын Иранға тиесілі. Төртінші орында - Ирак, бесіншіде АҚШ орналасқан.
Саудияда жыл басынан бері 85 адам өлім жазасына кесіліп, олар сол сәтте-ақ өлтіріліпті. Ал, 2014 жылдың 12 айында 90 қылмыскердің үкімі орындалған.
baq.kz