Бүгін Астанада Сауд Араб Әмірлігінің Сауда және индустрия министрі Тауфик ал-Рабия мырзаның Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан-Сауд Араб бизнес форумы басталды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазақстанның бас қаласы – Астанаға қош келдіңіздер! Сапарларыңыз сәтті болып, бүгінгі кездесулер екі тарапқа да тиімді болады деп сенемін», - дейді құрметті қонақтарды қарсы алған еліміздің Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев. Бизнес форумға екі елдің де кәсіпорын өкілдері, мемлекеттік органдар мен әртүрлі институттардың қызметкерлері, бас-аяғы үш жүзге жуық делегат қатысып отыр. Сауд Арабия елінен көбіне ірі құрылыс компанияларының басшылары, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен мен инвестициялық қорлардың өкілдері келген.