АҚШ-тың Техас штатында тұратын имам Даниэль Абдулла Эрнандез (Daniel Abdullah Hernandez) мұсылмандарды қоғамда соңғы кездері Ислам дініне қатысты болып жатқан оқиғаларға сабырлық танытып, барлық адамдар мен көршілерге мейірімді болуға шақырды.
«Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бізге керемет үлгі қалдырған. Ол айналамыздағы барлық нәрсеге мейіріммен қарау. Мейірім көрсетпегенге мейірімділік көрсетілмейтінін ұмытпайық», - дейді имам.
Даниэль Абдулла Эрнандез Техастың солтүстігінде орналасқан Пирленда ислам орталығының қызметкері. Оның айтуынша Батыстың мұсылмандары өзгелерге үлгі болуы керек. «Айналамыздағы адамдарға бірінші болып, жақсы көзқарас танытып, игі бастама бастайық»,- дейді.
Жақында Даниэль Абдулла ислам орталығына келуші жамағатпен бірігіп Жер күні апталығы аясында сенбілік өткізуді жоспарлап, сол сенбілікке жергілікті халық пен мұсылмандар да шақырды. Осылайша, мұсылмандар мен өзге дін өкілдері бірлесіп сенбілік өткізді.
«Біз ұйымдастырған сенбілікке қала әкімшілігі мен өзге дін өкілдері де қатысты. Бірлесіп отырғызған ағаштарымыздың алдағы уақытта жайқалып өсуі үшін енді бәріміз жауаптымыз. Осы арқылы арамыздағы достық та нығая түседі деген сенімдемін», - дейді имам жергілікті баспасөзге берген сұхбатында.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті