Қытайда орналасқан дүниежүзіндегі ең ірі банктердің бірі ислам қаржысына қызығушылық танытып отыр.
Осы мақсатта Қытайдағы банктің лизингтік бөлімі (ICD) өзінің жеке секторын дамыту үшін Ислам корпорациясымен келісім шартқа қол қойды.
Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) банкінің құрамына кіретін ICBC Financial Leasing компаниясы қаржы саласына байланысты мұсылман ұйымымен алғаш рет бірлесіп жұмыс атқарғалы отыр.
Ислам корпорациясымен бірлесіп қызмет жасау Қытай экономикасына біршама пайда алып келеді дейді ICBC Financial Leasing компаниясының өкілдері.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті