Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі Абдолла бен Зәйд Әл-Нахаянның ұйытқы болуымен сәуір айының 28-30 аралығында Әбу Даби қаласында «Мұсылман қоғамындағы бейбітшілікті нығайту» атты әлемдік, халықаралық форум өтуде.
Айтулы жиында Ислам елдерінің дін қайраткерлері мұсылман мемлекеттерінің өзара рухани келісім және бейбітшілікті нығайту тетіктерін талқылауда, діни алауыздық пен сан-түрлі келеңсіздіктердің алдын алу мәселелері жоғары деңгейде ортаға салынуда. Себебі ауқымды әрі әлемдік маңызы бар шараға дүни жүзі мұсылмандарына танымал дін ғалымдары мен үкімет басшылары шақыртылған.
Форумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан делегат ретінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет және Ақмола облысының өкіл имамы Қанат Қыдырмин, сондай-ақ «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Шәмшәдин Тұрсынұлы Керім қатысуда.