Қағба және Зәмзәм суы

Қағба және Зәмзәм суы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қағбаның орны ұмытылған жылдарыдың бірінде Ибраһим алейһиссалам Хажар анамызбен ұлы Исмаилды алып, қазіргі Қағба тұрған жерге келеді. «Маған сендерді осы жерге қалдыруым бұйырылды» деп бұрылып кетеді. Хажар анамыз тәуекел етіп, әмірге мойын иді де «Раббым бізге жеткілікті!» дейді. Жандарында бір шөлмек су және 3-5 дана құрма бар еді. Оның үстіне Исмаил әлі нәресте еді. Хажар анамыз бір нәрсе табуға үміттеніп Сафа төбешігіне шығады. Бірде бір ағаш, қураған шөп те жоқ болады. Кейін Мәура төбешігіне шығады.

         Қайтып келгенде ұлын таппай қалады. Қатты абыржыған күйде қайта Сафа және Мәура арасында ыстық күн астында 7 рет қиналып жүгіріп жүреді. Кейін тәтті дауыс естиді. Алдынан айдай жарқыраған Жәбірейіл алиһиссалам көрінеді. Осы таңданыста Хажар анамыз ұлын көреді. Сүйкімді сәбидің аяғының астынан мөлдір су шығып жатқанын көріп, суды бір жерге жинағысы келеді. Бір жағынан судың айналасын бекітіп, бір жағынан шөлмегін толтыруға тырысады. Мәнсіз абыржыған үнмен «Зәм» (тоқта) дейді. Тіпті «Зәм!.. Зәм!..» деп айғайлап жібереді. Жәбірейіл алиһиссалам күлімдейді. «Қоя бер, ақсын! Бұл су үнемі ағады, еш таусылмайды,» –дейді.

Бұл суға көшпенді тайпалардың назары ауады. Соңында Жүрхумилер Хажар анамыздан рұқсат алып, Қубайс тауының етегіне қоныстанады. Осылай қасиетті жер қалаға айналып Мекке деп аталады.

         Хадис шәрифтерде былай дейді: «Қасиетті Зәмзәм суы мүбәрак». «Қасиетті Зәмзәм ішкенде тойғызады». «Жер бетіндегі құдықтардың ең қайырлысы Зәмзәм құдығы». «Қасиетті Зәмзәм қандай ниетпен ішілетін болса, шипасы сол үшін болады».

         Зәмзәмді ішетін кезде қыбылаға қарау керек. Бисмилләһ айтып, түрегеп тұрып және тойғанша ішу керек. Ішу кезінде үш рет дем алынады. Дұға ет керек және соңында шүкір ету керек. Зәмзәм ішіп айтылған дұға қабыл болады.

Әр тауаф еткеннен кейін Зәмзәм суын ішу мұстаһаб. Миллиондаған қажылар ішіп, жуынып, елдеріне алып кетеді. Су насостарымен күні-түні тартып жатқанымен бітпейді. Зәмзәмнің жер жүзіндегі сулардың ең нәзігі ең үстемі екендігі білдірілген. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: