Мүфтиятта – Түркия мүфтиі Мехмет Гөрмез (ФОТО)

Мүфтиятта – Түркия мүфтиі Мехмет Гөрмез (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез мүфтият қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев Діни басқарманың бүгінгі атқарып жатқан ауқымды шаралары туралы баяндады. Діни салада жасаған қамқорлығы мен қолдауы үшін Түркия дін қайраткеріне алғыс білдірді.

«Түрік пен қазақ – бауырлас ел, біздің тарихымыз бен дініміз бір. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Түркияның Дін істері басқармасы діни салада бізге үлкен қолдау көрсетіп келеді. Қазір шәкірттеріміз бен имамдарымыз Түркияда білім алып, тәжірибелерін шыңдауда. Сізге және ұжымыңызға Қазақстан мұсылмандары атынан зор алғысымды білдіремін», – деді Ғ.Жәдігерұлы.

Мехмет Гөрмез мырза Қазақстанның рухани тұрғыда дамып келе жатқаны туралы әңгімеледі. «Дін өркендеу үшін ең алдымен діни кадрдың әлеуеті жоғары болу керек. Ғалымдар тобы қалыптасуы қажет. Сонда дін насихаты бір ізге түседі. Біз әрқашан бауырлас елге көмегімізді аямаймыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе», – деді Түркия мүфтиі.

Ресми кездесуден кейін қонақ «Нұр Астана» мешітінде шәкірттермен кездесіп, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, дәріс берді. «Сендердің арларыңнан адамзатты тура жолға бастайтын мықты ғалымдар көп шығу тиіс», – деді ол.

Бүгінде Түркияның «Хасеки» оқу орнында 45 шәкірт білім алуда. Имамдардың 2 айлық білім жетілдіру курсында 24 дін қызметкері тәжірибе алмасуда. Жуырда ҚМДБ жанынан аудармашылар тобы құрылып, бұл игі бастамаға түркиялық әріптестер қолдау көрсетті.  

muftyat.kz


 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: