Fatua.kz сайты ашылды (ФОТО)

Fatua.kz сайты ашылды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының электронды БАҚ-ы тағы бір жаңа порталмен толықты.

Алматы қаласында наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен пәтуа шығару және сұрақ-жауап бағытында жұмыс жасайтын «fatua.kz» сайтының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Аталмыш шарада алғы сөз алған наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қазіргі таңда ислам дінін заман талабына сай деңгейде жеткізе білу керектігін айта келіп: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халқымыздың рухани дамуы мен діни сауатын ашу, қоғамдағы өзекті діни мәселелерге де үн қатып, шариғат тұрғысынан пәтуа шығару – Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жұмысты дамыту, бір жүйеге келтіру мақсатында «fatua.kz» сайтын іске қосып отырмыз. Игі іске атсылысып жүрген сайт ұжымына алғысымды айтамын»,-деді.

Іс-шараға Діни басқарамаға қарасты әр өңірдің сайт қызметкерлері қатысып, жаңадан ашылып отырған сайттың құрылымы және жұмыс бағыттарымен танысты.

Айта кетсек, жаңа сайттың техникалық жағынан өзгешелігі – кез-келген компьютерлік, мобльдік және планшет нұсқасына автоматты ауыса алады. Ал, сайттың сұрақ-жауап, пәтуалар, кітаптар, тарих сынды айдарларында мазмұнды мәліметтер қамтылған. 

Сондай-ақ, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы сайттың жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау хат та жолдады. Хатта былай делінген: «Қазіргі уақытта ғаламтор қоғамда, әсіресе жастар арасында ақпаратты жедел әрі тиімді алмасу құралына айналып отыр. Мұндай мүмкіндікті асыл дініміз исламның игілігін халыққа жеткізу, насихаттау үшін дін қызметкерлері де тиімді пайдалана білуі керек. Осы бағытта Діни басқарма қоғамдағы өзекті мәселелер мен сұрақтарға жауаптың жүйелі түрде бір арнадан шығуын қадағалау және пәтуа саласындағы жұмыстарды жеделдету мақсатында пәтуа бөлімі білікті мамандармен толықтырылып, www.fatua.kz сайтын ашып отыр. Сайтта діни білімі мен білігі жоғары мамандар, теолог-ғалымдар жұмыс жасайтын болады. Бағдарламалар бекітілді, тапсырмалар айқын. Игі істердің басы-қасында жүрген сайт қызметкерлерін құттықтай отырып, жұмысына сәттілік тілеймін!».

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: