Бішкек қаласында Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың бастамасымен «7 сәуір шейіттері» мешітінің құрылысы басталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған мешіт Қырғызстан Республикасында 2010 жылдың сәуір айында болған оқиғалар кезінде қаза тапқан азаматтардың құрметіне салынбақ. Ел Президенті А.Атамбаев ол үшін 90-шы жылдары жеке меншігіне берілген астананың 7-ші шағынауданында орналасқан жер учаскесін берді.
Қырғызстан президентінің қатысуымен өткен мешіт құрылысын бастау рәсімінен кейін 2010 жылғы Сәуір халық төңкерісінде қаза тапқандар мен оның қатысушыларын біріктіретін қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.
hibatulla.kz