Ыстық шай адамның бойын жылытып қана қоймай, оның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, дейді британиялық ғалымдар.
Осылайша, бір кесе ыстық шай немесе кофе қан тамырларының кеңеюіне әкеліп, оларды әлсіз қылып, ары қарай қан айналым жүйесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, мамандар, шайді суытып ішуге кеңес береді.
Тегеран Университетінің ғалымдары өте ыстық шайды (температурасы шамамен 70°С және одан жоғары) тез ішу өңеш обырының қаупін тудыруы мүмкін екенін айтады. Ғалымдар оған шәй құрамы емес, оның температурасы мен ағзаға түсу жылдамдығы әсер ететінін айтқан.
hibatulla.kz