Сингапурда енді қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішілмейді. Сондай-ақ дүкендерде белгіленген уақыт аралығында сатылмайтын болды.
Мұндай жаңа құжат жобасы осы жылдың қаңтарында қаралған болатын. Сәуірден бастап сол заң күшіне енді. Ел үкіметінің мұндай шешім қабылдауына мемлекетте спирттік ішімдіктердің кесірінен тәртіпсіздіктердің белең алуы түрткі болған.
Енді тұрғындар ащы суды тек сағат 22:30-дан 7:00-ге дейін ғана тұтына алады. Оның өзі арнайы мейрамхана, барларда ғана рұқсат етілген. Көше мен саябақ, басқа да қоғамдық орындарда ішкендерге арнайы айыппұл салынып, тіпті 3 айға түрмеге отырғызу жазасы қарастырылған.
Ал бұл ереже бір жағынан ішімдік сатып, нәпақа тауып жүргендерді шығынға батырып отыр.
hibatulla.kz