"Ислам мемлекетінің" жетекшісі неміс қызына үйленді

"Ислам мемлекетінің" жетекшісі неміс қызына үйленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдади Германиядан келген жас қызға үйленді деп хабарлайды Infobae. 

Некелесу Ирактағы Мосул қаласының аумағында жүргізілген. Мұнда қалыңдық Сириядан ауып келген. Үйлену рәсімі барынша құпия жүргізілді деп жазады дереккөз.

Әл-Бағдадидың жаңа әйелі "Ислам мемлекетіндегі" әйелдер ісімен айналысатын болады.

Германия Конституциясын қорғау бойынша Федералды ведомствоның басшысы Ханса Георганың айтуынша, соңғы уақытта Германиядан "Ислам мемлекетіне" 70-тен астам қыз-келіншек өтіп кеткен. Олардың біразы кәмелет жасына толмаған, жартысына жуығы 25-тен жас қыздар дейді ол.

Бұған дейін Ирак билігі Әбу Бакр әл-Бағдадидың екі әйелі бар екенін хабарлаған болатын. Неміс қызы оған үшіншісі болып қосылды. 

Baq.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: