Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына сапары барысында Мысыр мүфтиі, доктор Шауқи Ибраһим Алламмен кездесті.
Екіжақты жүздесуде Қазақстан мен Мысыр Араб республикалары арасындағы қалыптасқан діни, рухани байланыстар сөз болды.
Сонымен қатар жоспардағы ресми сапарлармен халықаралық конференциялардың бағыт-бағдары талқыланды. Қос тарап жылы байланыстарды одан әрі тереңдету мақсатында ортақ жобаларды жан-жақты қолдаймыз деп келісті.