Түркия тарихи сәтке жетті – мемлекет әлемдік жүйенің жоғарғы лигасында болуы мүмкін, деп мәлімдеді президент Режеп Тайып Ердоған, деп хабарлайды Anadolu.
Халық алдында сөйлеген сөзінде түрік басшысы елдің «ғасырлар бойы» күткен «тарихи мүмкіндіктер терезесін» жіберіп алмайтынын атап өтті. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинмен жоспарланған келіссөзде Ердоған Украина дағдарысы бойынша бітімгершілік келіссөздерді Анкараның арағайындығымен қайта бастауды, сондай-ақ астық келісімін қайта жандандыруды ұсынатыны белгілі болды.