Пайғамбарымызға (ﷺ) ұқсас болған сахаба

Пайғамбарымызға (ﷺ) ұқсас болған сахаба

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің сүйікті Пайғамбарымызға (ﷺ) ұлы сахабалар Омар бин әл-Хаттаб (р.а.) пен Әбу Бәкір (р.а.) де ұқсамаған. Әнәс (р.а.) былай келтірген:

«Мұхаммедке (ﷺ) Хасан бин Әлиден артық ұқсаған бірде-бір адам болмаған» (Бұхари, «Асхабу’н-Наби, 23; Ахмад, III, 199).

 Ақиқатында, Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) адамзат баласының ең көркем үлгісі болып саналады. Нақты бір қасиеттері бойынша тақуалардың біреуі Пайғамбарымызға (ﷺ) ұқсас болуы мүмкін, бірақ оған (ﷺ) тең келер немесе одан (ﷺ) асып түсер ешкім жоқ.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) Хасан, Хусейін атты екі жиені және Зейнеп, Сукейна деген екі жиен қыздары болғаны белгілі. Алла Тағала оларды тақуа етіп жаратқан. Олардың жүздері Пайғамбарымыздың (ﷺ) жүзіндей көркем болғандығы келтірілген. Ал Пайғамбарымыз (ﷺ) олардың мінез-құлықтары мен сыртқы бет-әлпеттерінің сұлу да лайықты түрде болуын тілеп Алла Тағаладан дұға сұраған.

1) Әбу Жухайфа (р.а.) былай келтірген: «Мен Пайғамбарымызды (ﷺ) көрдім, Хасан оған (ﷺ) қатты ұқсайтын» (Бұхари, «Менакыб», 23).

Сахабалар Хасанды (р.а.) көргенде Пайғамбарымызға (ﷺ) деген сағыныштарын жасыра алмағандықтары келтірілген. Бәрі оларға Пайғамбарымызды (ﷺ) еске салатын әрі мүмкіндік бола қалғанда олар екі дүние сардары (ﷺ) туралы айтуды ұнататын.

Хасанды (р.а.) көрген сәтте сахабалардың жүректері Алла Елшісіне (ﷺ) деген қуанышқа бөленіп, Пайғамбарымызға (ﷺ) деген сүйіспеншіліктері арта түсетін.

Хасан бин Әлидің (р.а.) тіпті жүріп-тұруы да Пайғамбарымыздың (ﷺ) жүрісіне қатты ұқсайтын болған. Асым бин Кулейбтің әкесі түсінде Пайғамбарымызды (ﷺ) көріп, түсін Ибн Аббасқа (р.а.) айтқан екен.

Ибн Аббас (р.а.): «Сен түсіңде Пайғамбарымызды (ﷺ) көрдің бе?» - деп сұрайды.

- Иә, ант етейін! Расында мен түсімде Пайғамбарымызды (ﷺ) көрдім!.

Ибн Аббас (р.а.): «Хасан бин Әли есіңде ме?» - деп сұрайды.

- Иә, ант етейін, оның ептеп теңселіп жүретіні есімде».

- Хасанның (р.а.) жүрісі де Пайғамбарымызға (ﷺ) ұқсас болған!» (Әл-Жуз’у’л-мутаммим ли-Табакат-и Ибн-и Са’д, Таиф, 1414, I, 248; «Хасан», 192 б.).

Алла жақсы біледі!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: