Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) баяндаған ғибраты мол насихаттың бірі адам баласы үшін ас ішудің өлшемі болып танылғандай.
«Құлшылықтың тәтті дәмін тату үшін мұсылман болғалы тоя тамақ жемедім. Алламен қауышудың құмарлығына қанып су да ішпедім, өйткені көп ішіп-жеу аз құлшылық жасауға итермелейді. Көп жеген кезде адамның денесі ауырлап, көзіне ұйқы тығылады, денесі босаңсиды. Өзін қанша қинаса да, ондай адамның ұйқыдан басқаға шамасы келмейді, қоқысқа тасталған өлексенің кебін киеді», – деп өз тәжірибесін өсиет тұғырында қалдырды.