ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысының Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, теологтар мен дінтанушы мамандармен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы, БҚО Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Қаратайұлы және аймақтағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.
Бас мүфти өз сөзінде мүфтияттың діни оңалту бағыты бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.
ҚМДБ Төрағасы сонымен қатар Орал өңіріндегі дінтанушылар мен теологтардың ақпараттық-түсіндіру, экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарына қолдау білдірді.