#Байзақ: «ШОЛПАН ДӘУІТ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

#Байзақ: «ШОЛПАН ДӘУІТ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінде Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» орталық мешітінің наиб имамы Нұрбол Берікболұлы жамағатпен кездесіп, уағыз-насихат айтты.

Насихат барысында Нұрбек Берікболұлы: «Қазақ халқының сөз қолданысында «нәпсі», «нәпсіқұмарлық» деген сөздер бар. Мысалы, Асан Қайғы бабамыз: «Адам әзіз айтар деп, көңіліңді салмағыл. Нәпсі – алдаушы дұшпаның, насихатын алмағыл», – деп толғаса, Абай хакім: ««Мықтымын» деп мақтанба, ақыл білсең, Мықты болсаң, әуелі нәпсіңді жең», – дейді. Данышпан бабаларымыздың өсиетіндегі «нәпсі» деген не нәрсе? «Нәпсі» дегенде нені түсінуіміз керек? Негізі, «нәпсі» сөзі бізге араб тілінен енген. Түп нұсқасындағы «нәфс» сөзі, араб тілінде қолдануына қарай, «адам, жан (рух), қара басы (жеке өзі), құштарлық, құмарлық, эго» секілді бірнеше ұғымды білдіреді. Ал қазақ тілінде «нәпсі» сөзі көбінесе  «тойымсыздық, құмарлық» деген мағыналарда қолданылады. Жалпы, адам баласының жақсылыққа да, жамандыққа да бейім екендігі белгілі. Жүрек тебірентер ізгіліктер мен жан шошытарлық зұлымдықтар да «адам» деп аталар жаратылыс иесінің қолынан келетінін өмір көрсетуде. Осы тұрғыдан алғанда адамды «мүмкіндіктер иесі» деуге болады… Аталарымыздан мұраға қалған хақ дін Ислам адамды кері тартып, кісіліктен бездіретін екі қуаттың: ой-сезім салып азғыратын шайтан мен «жамандыққа бастаушы нәпсінің» бар екенін айтады. Бұл жайлы Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіп аталарымыз: «Табылды өз бойымнан екі дұшпан, бірі іштен болғанда, бірі – тыстан» деп айтып кеткен», - деді.

Уағыз-насихат соңында мешіт жамағаты көкейлерінде жүрген сұрақтарын Нұрбол Берікболұлына қойып, мардымды жауаптарын алды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: