Қытай билігі тамыз айының 1-нен бастап алыс радиусқа әсер ететін азаматтық беспилотниктер экспортына шектеу енгізеді. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Қытай билігі мұндай қадамға беспилотнкті сатып алған елдің оны әскери мақсатта қолданылатын дронға айналдыруы мүмкін деген қауіппен барып отыр. Аталған елдің сауда-саттық министрлігі мұндай құрылғының салмағы жүкті тастағаннан кейін жеті келіге азайып, әуеде жарты сағаттан аса уақыт бойы бола алатынын алға тартып отыр. Қытай билігі азаматтық беспилотниктерді әскери мақсатта қолдануға қарсы екенін мәлімдеді.
islam.kz