#Меркі ауданы: Мешітке қарайласу - сауапты іс

#Меркі ауданы: Мешітке қарайласу - сауапты іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Тәтті ауылының тұрғыны ауылдық мешіт асханасына өз қаражаты есебінен 250 мың теңге тұратын 2 кондиционер тарту етті.

Сонымен қатар, Жауғаш батыр мешітіне Тараз қаласында кілем сататын бауырымыз арнайы мешітке деп кілем тарту етіп, ауыл жамағатын қуандырып қойды.

Жомарт жандарға ауыл мешіттерінің имамдары өз алғыстарын білдіріп, мешіт жамағаттары атынан ризашылықтарын білдірді.

Алла Тағала барлық мешітке қарайласып жүрген бауырларымыздың ниеттерін қабыл етіп, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: