#Тараз: "Имани жаз - 2023" курсының екінші легі өз мәресіне жетті

#Тараз: "Имани жаз - 2023" курсының екінші легі өз мәресіне жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Имани жаз - 2023" жазғы сауат ашу курсының екінші легі өз мәресіне жетті. Осыған орай ұстаз Зейнеп Үсенова мен шәкірттердің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған кеш ұйымдастырылды.

 

Балдырғандар Құран оқып, салауат, діни мадақ әндер айтты. Мағынасы терең қойылымдар қойып, ойындар ойнатты. Өлең шумақтарын оқып, жаттаған дұғаларын паш етті. 

Көпшілікке дастархан жайылып, Құранға түскен шәкірттерге құрмет көрсетілді. Ұйымдастырушылар ата-аналармен дастархан басында сұқбат жасалып, қуанышты жүздерімен разылықтарын білдірген баталарын алды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: