ҚҰРАНДЫ ӨРТЕУ ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

ҚҰРАНДЫ ӨРТЕУ ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Соңғы кездері Еуропаның бірқатар елдерінде күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құран Кәрімді өртеу оқиғалары жиі орын алуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай шектен шыққан әрекетке алаңдаушылық білдіреді және бассыздыққа жол берген жандардың ісін қатаң айыптайды, сонымен қатар азаматтарды бүлікшілердің арандатуына алданып қалмауға үндейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекетінде болған Құранды өртеу актілерін қатты сынға алып, бұл оқиғаны қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп мәлімдеді.

Расында жер бетіндегі барша мұсылман баласы үшін қасиетті де қастерлі болған Құранды өртеу – шектен шығудың ең үлкені. Бұл – адамгершілікке мүлде жат іс. Олар өздерінің сорақы әрекетімен бүкіл әлемге бүлік салуды көздейді. Адамзатты екі дүние бақытына жетелейтін Құранды өртеген жандарды Алланың әділ үкіміне тапсырамыз. Алланың сөзін қорлағандар Оның қатты азабына ұшырайтыны ақиқат. Бүлікшілер өрескел ісімен өздерінің адамға тән болмысын қорлауда. Масқара әрекетімен өздері масқара болуда.

Шын мәнінде қасиетті Құранды құрметтеген адам Алланың құрметіне бөленеді. Қасиетті кітапты кемсіткен кісінің амалы Алланы кемсіткенмен тең. Құранды сақтаушы да, қорғаушы да бір Алла. Бұл туралы қасиетті кітабымызда: «Шүбәсіз, осынау зікірді (Құранды) Біз түсірдік және оның сақтаушысы да Өзіміз» («Хижр» сүресі, 9-аят) деп баяндалған.

Алла Тағала жер бетін түрлі бүліктен сақтап, баршамызға Құранды қос өміріміздің рухани шамшырағымызға айналдырғай. Әмин!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: