Әл-Азһар басшысы Алжирдегі апатқа назар аударды

Әл-Азһар басшысы Алжирдегі апатқа назар аударды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысыр әл-Азһар Ислам университетінің басшысы доктор Ахмад ат-Тайиб халықаралық қоғамдастықтың назарын орман өрттері адам өліміне және елеулі шығынға алып келген Алжирдегі жағдайға аударды.

Мұсылмандардың ақсақалдар кеңесін бір мезгілде басқарып отырған шейх әл-Тайиб Алжир халқымен ынтымақтастығын білдіріп, орман өртінен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды IslamNews SeeNews-ке сілтеме жасап.

Әл-Азһардың жоғарғы имамының айтуынша, әлем климаттың өзгеруіне байланысты күрделі сынақтарға тап болып отыр - бұл өзгерістер әртүрлі аймақтарда температураның көтерілуіне және бірқатар елдерде орман өрттерінің орын алуына себеп болды. Шейх әл-Тайиб БАӘ-де өтетін БҰҰ-ның COP28 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына қатысушыларды жаһандық жылыну проблемасын шешудің тиімді жолдарын табуға шақырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: