#Меркі ауданы: «Имани жаз» сауат ашу курсы аяқталды

#Меркі ауданы: «Имани жаз» сауат ашу курсы аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты барлық ауыл мешіттері жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жұмысын аяқтады.

«Имани жаз» атты жазғы сауат ашу курстарында Меркі ауданы имамдары мен ұстаздары балаларға дәріс беріп, сабақ барысында балаларға Құран әліппесі, иман әдебі мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны секілді тағылымы мол сабақтарды үйретіп, күнделікті тәтті нан мен сусындар беріліп, арасында балалар дәрістен жалықпаулары үшін ойын-сауық, серуен және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып отырды.

Сондай-ақ, балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Биылғы діни сауат ашу курсына 150 шәкірт қатысып, бағдарлама бойынша курсты аяқтады. Оның ішінде, Құран жаттауға түскен 38 ұл, 18 қыз, Құран Кәрімді жүзінен оқитын 60 шәкірт және 34 шәкірт мұғалім сәни кітабын аяқтауға жақын.

Осы игі іс-шараға атсалысқан шаршамай-шалдықпай сабақ берген ұстаздарға, келіп сабақ алған шәкірттерге алғысымыз шексіз. Алла елімізден дін сүйер қарилардың көптеп шығуын нәсіп етсін!

Сонымен қатар, осы игі шараға ұйытқы болған, шаршамай-шалдықпай сабақ берген имамдар мен ұстаздарға алғысымыз шексіз. Алла Тағала қызметтерінде абырой-бедел берсін!

Жазғы демалыс күндерін пайдалы да қызықты өткізген балалар ұстаздарға алғыстарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: