30 наурыз күні Дубайда БАӘ-інің аса ірі азық-түлік желілерінің бірі «LuLu» сауда желісінде «Қазақстанда жасалған» роуд-шоуы өтеді. Оны осы елдегі ҚР Елшілігі ұйымдастырады.
Шараның мақсаты - Қазақстанның тамақ өнеркәсібі саласындағы ұлттық жетістіктерін паш ету және қазақстандық азық-түлік тауарларын өндірушілер мен әмірліктің ірі ритейлерлері арасында тікелей байланыстар орнату.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өз аймағының делегациясын басқарды, оның құрамына жеті азық-түлік компаниялары кіреді, атап айтқанда «Мамлют ұн тарту комбинаты», «Зенченко и К» ЖШС, «Пасека Қызылжар» ЖШС бар.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «LuLu» азық-түлік желісінің БАӘ-дегі бөлшек саудадағы үлесі - 35 %, ал Таяу Шығыстағы үлесі - 32 %-ды құрайды. Оның қызметкерлерінің саны 30 мыңнан асады. 2014 жылы «Deloitte» халықаралық зерттеу компаниясы «LuLu» желісін әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан 50 желінің рейтингісіне қосқан еді.
hibatulla.kz