#Байзақ: МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ ТАБИҒАТ АЯСЫНА ШЫҚТЫ

#Байзақ: МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ ТАБИҒАТ АЯСЫНА ШЫҚТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері мен жамағаты табиғат аясына шығып рухани азық алып қайтты.

 Рухани отырысқа Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы, «Һибатулла Тарази» медресе колледжінің ұстазы Зулпыхаров Нұрсұлтан және «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Мұхит Ермаханұлы қатысып уағыз-насихаттарын айтты.

Шара барысында шәкірттер мен ұстаздар және мешіт жамағаты арқан тартудан, суда жүзуден, садақ атудан және командалық футбол ойнап жарыс өткізіп, табиғат аясындағы рухани отырысты одан әрі жандандыра түсті. Осындай игі шараны ұйымдастырған мешіт ұжымы мен ұстаздарына шәкірттер мен жамағат өз алғыстарын айтты.

        

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: