Истихара дегеніміз не? Истихара намазы жайында не білеміз? Біреулер бұл сүннетті қолданбайды; біреулер қолданады, бірақ оның қалай әрекет ететінін және нәтижесінде нені күту керек екенін жете түсінбейді; біреулер истихараны тек ерекше бір түстермен ғана байланыстырады. Сондықтан да біз кішігірім, бірақ өте пайдалы «Сүннеттегі истихара» деп аталатын бөлімді бастауды жөн көрдік. Аталмыш бөлімдерде маңызды ислам дағдысының негіздері түсіндірілетін болады.
Абыржу мен абдыраушылық
Күнделікті өмірде адам талай рет абыржу мен абдыраушылықты бастан өткереді. Дерлік әр күні біз шешім қабылдауда - екеуден біреуді немесе одан да көп баламадан біреуді таңдауға мәжбүр боламыз. Әшейінде бұл түбегейлі емес мәселелерге қатысты, бірақ уақыт өте келе адам маңызды таңдау жасау қажеттілігімен бетпе-бет жүздеседі. Алайда Алла Елшісі (ﷺ) мұндай жағдайларда не істеу керек екенін үйретіп, шешімді анық көрсеткен. Бұл шешім истихара деп аталады.
Истихараның маңыздылығы
Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді, һәм олар тура жолды таппады» (2:16).
Бұл аяттан біздің түсінетініміз, адамның білімі шектеулі, ал оның санасы кемелденбеген. Кейде ол өзін құртатын бірнәрсені қалауы мүмкін, ал кейде оған пайда келтіретін нәрсе жиіркенішті болып көрінуі мүмкін. Кемелденген жалғыз білім Иесі және жасынды білетін тек Алла, адамды Жаратушы, бүкіл ғаламды Билеуші. Сондықтан да егер адам игілікті іздейтін болса, ол оны тек Алладан ғана ала алады.
Хадистердің бірінде былай айтылады: «Адамның саулығы, Аллаға истихара (игілік іздеуінде) орындауында, ал оның сәтсіздігі, истихара орындауын тастауында».
Алляма ʼАйни былай жазған: «Адамға ешбір істің оның маңызды еместігін елемей және истихарадан бас тартуына болмайды». Қаншама іс маңызды емес деп танылып, соның салдарынан истихара жасалмаған, ол іс жүзеге асса да, аспаса да үлкен зиян келтірген. Сондықтан да Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:
«Әркімдерің де өз қажеттіліктеріңді Жаратушыдан сұрауларың керек, тіпті тұз бен үзіліп қалған ескі бауыңның орнына жаңа бауды сұрар болсаң да».
Алляма Ибн әл-Каййим (оған Алла рақым етсін) былай жазған: «Кімде-кім Жаратушыға истихара жасап, Одан кеңес сұраса, ешқашан өкінбейді, өйткені Алла Өз Пайғамбарына (ﷺ) былай айтқан ғой: «Ісің жөніңде ақылдас. Кейін шешімге келгенде, Аллаға тәуекел ет».
Шейх Тахир ибн Хусайн ибн Абдулла ибн Тахир ұлының әмір болғанынан соң оған жазғаны: «Маңызды ісің болғанда, көмек сұрап, Аллаға истихара жасап, тақуалық көрсет».
Сондай-ақ, оған «барлық істе де үздіксіз истихра жасауға» кеңес берген.
Истихараның маңызды пайдасы
Шах Уалиулла (оған Алла рақым етсін) былай жазған: «Истихараның пайдалы салдары адамның дүниелік тілектерден бойын аулақ салуы, періштелік түр-сипат хайуандық түр-сипатттан басым болып, өзін Алла Тағалаға сеніп тапсыруы болып табылады. Осылай жасау арқылы ол Алланың әмірін күтетін періштелер деңгейіне жетеді. Алланың әмірі келгенде, олар оны фәнилік мақсаттар үшін емес, рухтанушылық шабытпен орындайды. Менің ойлауымша, истихараны жиі орындау – періштелердің қасиеттеріне ие болу жолы».