#ҚОРДАЙ: "Омар" мешітінде жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

#ҚОРДАЙ: "Омар" мешітінде жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы "Омар" мешітінде сауат ашу курсы тәмәмдалды. Мешіт имамы  Зейне Жұмабайұлы және «Қордай қарилар дайындау орталығының» шәкірттері бүлдіршіндерімізге тәлім берді. Сауат ашу курсында Пайғамбарымыздың (с.а.у) қызықты өмірбаяны мен Құран әліппесі және ата-ананы сыйлау сынды рухани дәрістер өткізілді.

Сауат ашу курсының соңында балалардан емтихан алынып, жақсы нәтиже көрсеткен шәкірттерге сыйлықтар мен мақтау қағаздар берілді. Оқу барысында өзін жақсы жағынан көрсеткен Сейділда Хусейн мен Далбай Сараға шайтанарба (велосипед) сыйланды. Сонымен қатар ынталандыру мақсатында Жомарт Бекмұхаммед, Байке Баймұрат,  Байке Ислам , Байке Балауса, Сейлхан Мерей, Совет Раушанға қаржылай сыйлықтар табысталды. Жалпы сауат ашу курсында 15 қыз бала, 15 ұл бала оқып тәлім алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: