#Шу: Әйел-қыздар жамағатына тәжуид дәрістері басталды

#Шу: Әйел-қыздар жамағатына тәжуид дәрістері басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы "Жәми" мешітінде ұстаз Ләззат Махамбетованың жетекшілігімен тәжуид дәрістері басталды. 

"Муғалім сәни" кітабы бойынша курсты бітірген қыздар келесі саты тәжуид ережелері мен Құран Кәрім дәрістерін оқып жатыр.

Тәжуид қағидалары Пайғамбарымыздың тәуәтур жолымен әрі сахих хадистермен жеткен оқу тәсілінен алынған. Сол хадистердің бірінде Әнас ибн Мәлик былай деген: Одан «Пайғамбарымыздың Құран оқуы қандай еді?», − деп сұрағанда: «Ол созып оқитын деп Бисмилләәһир рахмәәнир рахиимді созып оқыды. Бисмил-ләәһи – деп созды, Аррахмәәнды созды және Аррахиимды созды» деген. Құранды мақамына келтіріп, сауатты оқу әрбір адамға міндет.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: